Бүгін - Қазақстан футболы күні

25.04.2018
Бүгін - Қазақстан футболы күні

Осыдан 16 жыл бұрын 2002 жылдың 25-сәуірінде Қазақстан Стокгольмде өткен конгрессте УЕФА-ның ресми 52-інші мүшесі болып тіркелді. Осы күн ел күнтізбесінде Қазақстан футбол күні болып белгіленді.

Азия құрлығынан Еуропа төңірегіне ауысуымыз отандық футболдың ілгері дамуына елеулі қадам болды. Соның арқасында біздің ұлттық құрама әлемнің алпауыт футбол командаларымен бақ сынасып, Еуропа мен Чемпиондар лигасында өнер көрсетуге мүмкіндік алды.

Құрметті футбол жанкүйерлері, барлықтарыңызды отандық футбол күнімен құттықтап, ұлттық құрамамыз бен ел біріншілігіндегі клубтарға байрақты бәсекелерде жеңісті күндерді тілейміз. Ұлы жеңістерге бірге жетейік. Қазақстандық футбол күні құтты болсын.

Құрметпен, Павлодар облысы футбол федерациясы қауымдастығы